Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ҚР БҒМ-де жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Жауапты хатшы Ә. Ғалымованың төрағалық етуімен «2014 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша білім саласындағы жемқорлыққа қарсы әрекеттің ағымдағы жағдайы және жемқорлықпен күресті күшейтуге қатысты Елбасы тапсырмасын іске асыру туралы» мәселе бойынша алғашқы селекторлық кеңес болып өтті, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 18:33

«Селекторлық кеңеске Бас Прокуратура, Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттік, «Нұр Отан» партиясы, білім жән ғылым қызметкерлерінің кәсіби одағы өкілдері, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мекемелері басшылары, жоғарғы оқу орындары ректорлары, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының басшылары қатысты», - делінген хабарламада.

Ә.Ғалымова өз баяндамасында Министрліктің жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қызметі, соның ішінде, жемқорлыққа қарсы мәдениет, білім мен тәрбиені қалыптастыру, жемқорлық туралы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ жемқорлықтың белең алуының алғышарттарын азайту  турасында әңгіме өрбітті.  

«Министрлікте Жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этиканы сақтауы бойынша комиссия  жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарында Жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша кеңес құрылған. Қазіргі таңда қоғамның араласуымен Министрлік жанынан Жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қоғамдық кеңесті құру аяқталды»,- деп атап өтті өз сөзінде Жауапты хатшы.

Селекторлық тәртіпте білім саласындағы жемқорлық қылмысы ең көп таралған Ақмола, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы сияқты аймақтық білім басқармасы басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Бас прокуратурның мәліметтері бойынша, 2014 жылдың 9 айында  білім және ғылым саласында 247 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, соның ішінде 102 қылмыс бойынша айыптылар жазасын тартуда. Өзге қылмыстар бойынша іс әлі тергелу үстінде. 2 әкімшілік және 209 тәртіптік құқық бұзушылық жасалған.

2013 жылы барлығы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 149 құқық бұзушылық тіркелген және жемқорлыққа қатысты қылмыстар саны шамамен 40% пайызға дейін артқан.

Құқық қорғау мекемелерінен шақырылған өкілдер жемқорлық қылмысы бойынша кешенді шаралар ұйымдастыру және оның алдын алу іс-шараларына бағдар жасай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру бойынша  өз ұсыныстарын айтты.

 




Яндекс.Метрика