Инфрақұрылымның дамуы

Алдағы 3 жылда көлік инфрақұрылымын қаржыландыруға 180 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді (Брифинг бейнебаяны)

Алдағы 3 жылда көлік инфрақұрылымын қаржыландыруға 180 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің Төрағасы Рашит Ахметов.
Нұр-Сұлтан 26 Қараша, 12:24

«Парламент Үкіметпен бірлесіп Президент Жолдауын іске асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. 25 қарашада Парламент алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады. Бұл құжатта Мемлекет басшысының тапсырмалары көрініс тапты. Бюджет Ұлттық қордан нысаналы трансферт тартуды көздейді. Атап айтар болсақ,  көлік инфрақұрылымын дамытуға шамамен 180 млрд теңге, жылу және сумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға 60 млрд теңге, тұрғын үйлерге арналған инженерлік желілерін салуға және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын несиелендіруге 110 млрд теңге, индустриялды-инновациялық дамудың мемлкеттік бағдарламасын шеңберіндегі жобаларға 181 млрд теңге қаражат бөлінбек», - деді Қаржы және бюджет комитетінің Төрағасы Рашит Ахметов.

Оның айтуынша, мұндай ауқымды әрекеттер Қазақстанның жаңа дағдарыстық құбылыстарды еңсеріп қана қоймай, жоспарланған отандық экономиканың өсімін қамтамасыз ететіні сөзсіз.

«Мемлекет басшысы ұсынған «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясат экономиканы дамытудың жеті маңызды бағытын көздейді. Бұл, өздеріңіз де білесіздер, көлік-логистикалық, индустриялдық, энергетикалық инфрақұрылым, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы. Осы мақсатта мемлекет жеткілікті деңгейде қаржы бөлек», - дейді депутат.

Депутаттың сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда елдегі жобаларды іске асыруға халықарыл ққаржы ұйымдары мүдделі болып отыр. әлемдік инвесторлардың да Қазақстанда жұмыс істеуге деген қызығушылықтары жоғары.

Бауыржан Мұқанов 





Яндекс.Метрика