Энергетика

Қазақстан мен Нидерланды баламалы энергетика көздерін дамыту бойынша жол картасын әзірлеуде

Қазақстан мен Нидерланды баламалы энергетика көздерін дамыту бойынша жол картасын әзірлеуде, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 12:14

«Біз Нидерланды Королдігінің экономикалық істер министрі Х.Камппен  кездесіп, энергетика саласы, мұнай және газ саласы, Голландия мен Қазақстан арасындағы баламалы энергетика көздері бағыттарын талқыладық. Голландиямен ұзақ әрі тұрақты қарым-қатынас орнатылған. Голландия Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі болып есептеледі. Елдегі Shell компаниясының жұмысын айтсақ та жеткілікті», - деді В.Школьник.

Сондай-ақ, делегация сапары аясында ірі голландиялық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өтті. Олар ынтымақтастықтың кеңейту жолдарын айтты.

«Өз кезегінде нидерландық компаниялар Қазақстанмен энергетика саласында бірлескен жобаларда үлкен рөл атқарады. Біз жобалардың кеңеюіне барлық жағдайды жасап жатырмыз», - деді Хенк Камп.

Энергетика министрлігінде атап өткендей, баламалы энергия көздерін дамыту аясында өзара технологияны дамыту есебінде жол картасы дайындалатын болады. Голландиялық сәуле  компаниялардың консорциумы Eurotron, Royal Haskoning DHV, Lamers High Tech Systems, Tempress и ECN тұрады.

Министрлердің кездесуі «Қазатомпром» АҚ сәуле энергиясын қолдану бойынша мақсаттарын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика