Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

2017 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысы халқының 90%-ы көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі - әкімдік

Ақтөбе облысында 380 елді мекеннің 93 немесе 24,5%, облыс халқының 632,3 мыңы немесе 80% көгілдір отынмен қамтылған, деп аудан әкімдігінен хабарлады.
Ақтөбе26 Қараша , 19:47

2014 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық округтарды газбен қамту 28% құрайды және ауыл халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету 81% көрсетеді.

Бұдан басқа аумақты дамыту бағдарламасы бойынша  26 елді мекенді газбен қамтамасыз ету үшін жобалқы сметалық құжатнама мен техникалық экономикалық негіздеме жасақталуда. Оларды қаржыланыру 2016-2018 жылдар аралығында жүргізіледі.

«Бүгінде  «Қазтрансгаз» АҚ  20 млрд теңгеге ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою соңына таяп қалды, оның аясында 48 ауыл немесе 36 мың халық көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2017 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысы халқының 90%-ы көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. 




Яндекс.Метрика