Ақтөбе облысында құны 150 млн доллар болатын газ құбырының электростанциясын кеңейтеді

Биылғы жылы Ақтөбе облысында құны 150 млн доллар қуаты 160 МВт болатын газ құбырының электрстанциясын кеңейту аяқталады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе28 Қараша , 14:34

«Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында Ақтөбе облысында өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.    Өңірде бұл салада жақсы әзірлемелер бар», - делінген хабарда.

  «Ақтөбемұнайгаз-СНПС» АҚ өзінің электр энергия көздерін кеңейтуде. Ағымдағы жылы құны 150 млн доллар қуаты 160 МВт болатын газ құбыры электрстанциясын кеңейту аяқталуда. 

«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы өзіндік электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ету үшін 30,0 млрд теңге инвестиция сомасына қуаты 150 МВт болатын электрстанциясының құрылысын жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысының «жасыл» экономиканы дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында қуаты жылына 96 МВт болатын «ArmWind» ЖШС жел электр станциясының құрылысының жобасын жүзеге асыру қолға алынуда, оған 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған.  Жоба жел энергиясын жел құбырлары арқылы электр энергиясына айналдырып,    кейін оны ҚР жалпы энергожүйесіне тарататынымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда   DNV GL (Германия) компаниясы  жел өлшеу мәліметтерін өңдеуді жүзеге асырады,   сондай-ақ алынған мәліметтер базасында   жел құбырларының түрлі үлгілерінің салыстырмалы анализі жасалған.   «KEGOC» АҚ-мен «Кемпірсай» аралық станциясына ЖЭС қосу нүктесіне келісім де бар, техникалық талаптары да алынған.  Жоғары габаритті және жоғары тонналы жүкті алып өту мүмкіндігін ескере отырып, жел құбырларын құрылыс учаскесіне жеткізу маршруты да зерттелді.  

Сонымен қатар Еуразиялық қайта қүру және даму банкінің жобаны қаржыландыру ниеті де бар. 

ІСБ атап өткендей, жоғарыда аталған шаралардың барлығы энергетикалық жеткіліктігін арттыруға мүмкіндік береді және Ақтөбе облысының өнеркәсіптік қарқынының ары қарайғы өсімін қамтамасыз етеді.  




Яндекс.Метрика