Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Ақтөбе облысы халқының 91,3 пайызы жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен қамтылады

Осы жылы сумен қамтамасыз ету мен су жіберу бойынша 26 жобаны 16 өңірде жүзеге асыру үшін «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 6,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімдігі.
Ақтөбе26 Қараша , 15:33

Әкімдіктің хабарлауынша, республикалық бюджеттен 5,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді.

«Жоспарланған шараларды сәтті өткізу жыл соңына дейін халықтың 91,3 пайызын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндіу береді», - делінген хабарламада.

2015 жылға қарсы республикалық бюджет комиссиясына  9,7 млрд теңгенің 27 жобасы тапсырылды. Оның 18 жобасы сумен қамту бойынша болса, 9 жобасы су тарату  бойынша жүзеге аспақ.

 




Яндекс.Метрика