Адами капитал

Қазақстан Қарулы Күштері басшылығының құрамы жауынгерлік даярлық жүйесін қайта қарауда

Бүгін Қазақстан армиясында әскер түрлерінің бас қолбасшыларымен, өңірлік қолбасшылық әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшыларымен, ҚР Қарулы Күштері құрамалары мен бөлімдерінің командирлерімен оқу-әдістемелік жиын басталды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 15:18

«Іс-шара әскери басқару органдарын және әскерлерді даярлау тәжірібесімен алмасу мақсатында ұйымдастырылған. Жиынға қатысушылар Қазақстан армиясы тыныс-тіршілігінің барлық тараптарының, жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру мен жүргізудің өзекті мәселелерін талқылайды», - делінген хабарламада.

Жиын аясында түске дейін жауынгерлік даярлықты ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін тиімді қолдану мәселелерін талқылау бойынша практикалық конференция өтті. ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов «әскери теорияны терең зерделеу, қауіпсіздікке төнетін жаңа қауіп-қатерлер контексінде әскери ғылымның бағыттарын кеңейту, қазіргі заман әскери қақтығыстарының алдыңғы қатарлы тәжірибелерін пайдалану қажеттігін»  атап өтті.

С. Жасұзақов жауынгерлік даярлық жүйесін қайта қарау мәселелеріне ерекше тоқталды. Ол қазіргі уақытта Құрлық әскерлерінде оқыту мен жауынгерлік даярлықтың модульдік принципін сынақтан өткізу жүріп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар жиын барысында мамандықтар бойынша сынақ тапсыру және әдістемелік сабақтар өткізу жоспарланған. Ұлттық қорғаныс универститетінің жанындағы Имитациялық модельдеу орталығында жиынға қатысушылармен жедел (тактикалық) лездемелер өткізіледі. Оқу-әдістемелік жиының мәдени бағдарламасында «Елбасы жолы» кинохикаясының шығармашылық ұжымымен кездесу және ҚР ҚМ Орталық ансамблінің өнер көрсетуі көзделген. 

 




Яндекс.Метрика