Халықаралық интеграция

Германиямен ынтымақтастық орнату мәселесі Маңғыстау облысында талқыланды

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Германия Федеративті Республикасының Алматыдағы бас консулы Ренате Шимкорайтты қабылдады, деп әкімдіктен хабарлады.
Маңғыстау26 Қараша , 17:32

Әкімдіктен хабарлағандай, кездесу барысында Германия мен Маңғыстау облысының арасындағы ынтымақтастықты нығайту және кеңістігін кеңейту мәселелері талқыланды. Жалпы немістер делегациясының құрамындағы іскер әлімінің өкілдерін аймақ экономикасын әртараптандыруға қатысу мүмкіндігі қызықтырды.

«Неміс кәсіпкерлері бұған дейін Маңғыстау облысымен серіктестік орнатқан, тәжірибесі бар. Мысалы: Шетпе «Хейдельберг-Цемент» цемент зауытының құрылысы, облыстық ауруханаға заманауи медициналық құралдарды жеткізу жобалары. Енді біз Маңғыстаудағы экономикалық серіктестігімізді нығайтуға келдік», - деп атап өтті Ренате Шимкорайт.




Яндекс.Метрика