Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Алматы қаласында өтетін білім беру мекемелері арасындағы робот техникасы бойынша чемпионатқа 30 команда қатысатын болады

Бүгін Алматыда білім беру мекемелері арасында робот техникасы бойынша 1-ші Ашық қала чемпионатының күзгі сессиясы ашылады, деп хабарлады Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттіктен.
Алматы қаласы26 Қараша , 17:48

Хабарда шараны «ҚАЗРОБОФОР-2014» 1-ші Қазақстандық робот-техникалық форумы мен Қ.И.Сәтбаев ат. ҚазҰТУ Технопаркімен және  Алматы өңірлік технопаркімен әріптестікте Қазақстанның студент-кәсіпкерлерінің 2-ші Ұлттық конкурсының ұйымдастырушылық комитеті өткізетіні аталып өткен.

 Жарыстың негізгі мақсаты - жоғары технологиялық кәсіпорын - үздік робот-техникалық ЖООлар - үздік колледждер - үздік мектептер тізбегінде әріптестік қарым-қатынасты орнату.

«Чемпионат сондай-ақ, жетекші халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау үшін Алматының үздік студенттерін, мектеп пен колледж оқушыларының дайындығын тексеріп, оларды іріктеуге мүмкіндік береді», - делінген хабарда.

Оған қоса чемпионаттың күзгі сессия бағдарламасына шамамен 30 робот-техникалық команда енгізілген.     Тіркелгендер арасында көш бастап тұрғандар -   Ш.Смағұлов ат. дарынды балаларға арналған Алматы облыстық мамандандырылған физико-математикалық  орта мектеп-интернаты,  №5 мектеп-гимназиясы мен Әл-Фараби ат. ҚАЗҰУ, С.Бегалин ат. МБК робот техникасы үйірмесі     (Shevroninc қолдауымен), халықаралық бизнес және байланыс колледжі,  ОАОК және т.б.  




Яндекс.Метрика