Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылық 2014 жылы 14,5%-ға төмендеді - Нұр Отан

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңестің отырысында Кеңестің 2014 жылғы қызметі қорытындыланды, деп хабарлады «Нұр Отаннан».
Нұр-Сұлтан 26 Қараша, 11:19

Аталып өткендей, 2014 жылы СЖҚҚК-тің 9 отырысы өткізіліп, 20 мәселе қаралды. Олардың басым бөлігі партияның  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасына қатысты болды», - делінген хабарламада.

Талқылаулар нәтижесі бойныша мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарға 169 ұсыныс жіберілді.

Сонымен қатар, берілген тапсырмалардың орындалу барысын қадағалау үшін партиялық барлық аймақтық бөлімшелерінде «Жемқорлар туралы мәіметтер базасы» жасақталды.

Хабарланғандай, сараптама нәтижесі 2014 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылық төмендеді. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 1916 қылмыс тіркелген,  2013 жылдың сәйкесінше кезеңінде – 2240 қылмыстың беті ашылған (демек 14,5%-ға төмендеген), осы ретте сотқа барлық қозғалған  істердің 5,5% ғана жіберілді.





Яндекс.Метрика