«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы Жол» Жолдауы дағдарысқа қарсы сипатқа ие – ҚХА мүшесі

Елбасының жаңадан жолдаған «Нұрлы Жол» Қазақстанның жаңа экономиклық саясаты дағдарысқа қарсы сипатқа ие және экономикамызды құрылымдық реформалауға бағытталған, дейді «Динарэлектромаш» ЖШС істері басқарушысы, ҚХА мүшесі Сергей Вишняк Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Ақтөбе26 Қараша , 10:48

Оның айтуынша, Президент Ұлттық қордан қосымша қор бөлу туралы айтты, дегенмен бұл қаражат осындай қысқа уақытта ғана күн көріске бағытталмай, алдағы уақытта экономиканы ұзақмерзімді дамуға жол ашпақ. Яғни көлік, энергетикалық, индустрияландыру, әлеуметтік инфрақұрылым мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталмақ.

«Экономикамызды инфрақұрылымды дамытудың басты жеті бағыттарында Мемлекет басшысы қалалар мен өңірлер бойынша басты нысандарды жекелей атап, бөлінетін қаражат көлемі мен тікелей салынатаны инвестиция көлемін айтты. Сонымен қатар ұзақмерзімді дамуға бастау болатын бұл нысандардың негізгі ерекшеліктері мен неге дәл соның таңдалып отырғанын да түсіндіре кетті. Кезекті рет өзінің экономикалық көзқарасын көрсетіп, білім беру, денсаулық сақтау мен ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларының алдағы уақытта да жалғаса беретінін айтты. Ұлттық қордан бөлінетін қаражат болса, тиімді жұмсалуын бақылайтын партиялық бақылауға сай экономиканың тиісті салаларында міндетті құрылымдық реформа жасау жайы да сөз болды», - дейді С.Вишняк.

Оның айтуынша, Елбасы халықты өнеркәсіптік және әлеуметтік дамумен қатар рухани құндылықтарға, соның ішінде бірлікке шақырды. Осылайша «Мәңгілік Ел» идеясын кезекті рет дәлелдеді. Міндеттемелер мен тағдыр ортақтығы – барлық қазақстандықтардың бірлігі.

«2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланды. Конституция мен Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толуына байланысты бірқатар шаралар өтпек. Өз Жолдауында Елбасы осынау даталардың барша қазақстандықтар үшін маңызда екенін еске салып, бірлік пен толеранттылыққа шақырды. Патриотизм мен дәстүр толеранттылығынсыз  бәсекеге төтеп беру мен жаңаша даму мүмкін еместігін Елбасы кезекті рет айтты», - дейді. 




Яндекс.Метрика