EXPO-2017

Елордада «Астана ЭКСПО-2017» кешенін дамыту мәселелері бойынша Жол картасына қол қойылды

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияев пен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кездесті, деп ұлттық компаниядан хабарлады.
Нұр-Сұлтан 26 Қараша, 10:33

Күн тәртібіне сәйкес ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.

Ұлттық компания «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылысымен, контентпен және қатысушыларды шақырумен айналысатыны белгілі. Астана әкімдігі қонақтарды қабылдауға қаланы дайындау, сәйкесінше қаланың қонақ үйлері мен басқа да инфрақұрылымдарын дайындауды жүргізеді.

Кездесу кезінде қала әкімі мен ұлттық компания басшысы ары қарайғы ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі жоспарын талқылады. Ә. Жақсыбеков өз сөзінде, Ұлт Көшбасшысы тапсырған міндеттерді, тығыз қарым-қатынаста  орындау қажеттігін атап өтті.

«Біздің әрекеттеріміз, инженерлік желілерді, жолдар мен нысандарды салуда, бір сөзбен айтқанда ЭКСПО көрме кешенінің қатысты барлық мәселелер бойынша үндесіп жұмыс істеуге бағытталуы тиіс», - деді әкім.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті Жол картасы қабылданды. Онда көрме кешені нысандарын салу, инженерлік-көлік инфрақұрылымын, қалалық және қоғамдық көлік жүйесін, туризмді дамытуға қатысты мәселелер қарастырылған.

Сондай-ақ, бағдарлама құжатында көрме қонақтарының қауіпсіздігін және жайлы орналасуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар белгіленген. Іс-шаралар жоспарының үлкен тарауы еріктілер қызметін ұйымдастыру және ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілетуге бағытталған.

Тараптар ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу бойынша ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге келісті.





Яндекс.Метрика