Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Ұлттық музейде Тұңғыш Президент күніне орай көрме ашылды (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ерен Елбасы – Кемел Көшбасшы» көрмесі ашылды.
Нұр-Сұлтан 26 Қараша, 10:18

Шараның мақсаты – қоғамды Мемлекет басшысның идеясы мен саясаты айналасына топтастыру болып табылады. Бұл қазіргі таңда және болашақта тәуелсіз елдің тұрақты дамуының негізіне айналғаны анық.

ҚР Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбайдың айтуынша, аталмыш көрме өскелең ұрпақ тәрбиесінде үлкен рөлге ие.

«Тұңғыш Президент күніне орай ашылған көрмемінің Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде өткенінің өзіндік мәні жоқ емес. Нысанның өзі Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен ашылған болатын. Бұл жерде еліміздің жылдар бойы жеткен жетістіктерін көпршіліктің тамашалап, таныуына барлық мүмкіндік жасалған. Осынау көрме аясында мұрағат материалдары, ҚР Президентінің қолынан шыққан жеке кітаптар, сонымен қатар бейнематериалдар қойылған», - дейді музей директоры.  

Көрмеде Мемлекет басшысы бастамалары, негізгі идеялары мен қызметтерін танытатын фотосуреттер мен құжаттар қойылған. Сонымен қатар Н.Назарбаевтың биографиясы мен тәуелсіз елдің қалыптасу тарихы туралы кеңінен таныстырылған.

Көрме залында кітап көрмесі де орын алған. Онда Қазақсан Республикасы Тұңғыш Презилдентінің қолынан шыққан кітаптары мен өзге де дүниелер қойылған.

Көрменің алғашқы қонақтары ретінде білім беру мекемелерінің өкілдері мен шәкірттері келіп жатыр. Олар Елбасының өмірі мен шығармашылығы, қайраткерлігіне қатысты мол мұраға қанық болмақ.

Көрмеден кейін музейде ҚР Ұлттық музейінің «Тарихи тұлғалар» жобасы аясында Астана қаласындағы колледж студенттері арасында «Біздің Елбасы» атты Президенттік оқу өтті. 





Яндекс.Метрика