Адами капитал

ҚР ҚК Әскери полиция сының әскери автопаркі 12 темір тұлпармен толықты (ФОТО)

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні» мемлекеттік мерекесінің қарсаңында ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасында жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін салтанатты түрде табыс етілді, деп Қорғаныс министрлігінен хабарлады.
Нұр-Сұлтан 26 Қараша, 09:48

Он «SsandYong» және төрт «Газель» автокөлігінің барлығы арнайы жабдықтармен, дабыл құрылғыларымен, радиостансалармен жарақталған.

 ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасыныңс бастығы әділет полковнигі Тимур Дәндібаев бұл оқиғаның жеке құрам жұмысының тиімділігін арттырудағы маңыздылығын атап өтті. Ол сонымен қатар биыл әскери полиция органдарының автопаркі он екі автокөлікпен толыққанын еске салды.  

атап өтті. Т. Дәндібаев әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні» мемлекеттік мерекесімен құттықтап, Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның мемлекеттілігін дамыту мен нығайтудағы, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды іске асырудағы ролін атап өтті.

«Әскери полиция әскери қызметшілерінің қызметі алдағы уақытта да патриотизмге, Отанға аянбай қызмет етуге, ант пен жауынгерлік міндетке адал болуға негізделеді», - деді Т. Дандыбаев.
 





Яндекс.Метрика