Парламент

ҚР Парламентінің Сенаты 2015-2017 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджетті қабылдады (ФОТО)

24 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатында көрсетілген міндеттерді қаржылық қамтуға бағытталған құжаттар қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтан 26 Қараша, 09:33

Хабарда Премьер Министр К.Мәсімов, Үкімет мүшелері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» АҚ, «ҚазАгро» АҚ басшылары «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  заң жобаларын талқылап, депутаттардың көптеген сұрақтарына жауап бергендігі айтылады.

 Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының басым бағыттары туралы   ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев баяндады. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үшжылдық бжюджеттіңнегізгі параметрлері туралы айтып берді. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов депутаттарды 2015-2017 жылдарға арналған ақшалай-несие саясаты туралы хабардар етті. 

«Елдің макроэкономикалық дамуының базалық сценарийі ретінде республикалық бюджеттің келесі параметрлері жоспарланған.  2015 жылғы түсім    6 858,0 млрд теңге көлемінде,   2016 жылы - 6 982,7 млрд теңге,   2017 жылы - 6 971,1 млрд теңге көлемінде болады деп анықталған. 2015 жылы шығындар   7 855,1 млрд теңге,   2016 жылы - 8 042,2 млрд теңге,  2017 жылы - 7 943,6 млрд теңге көлемінде болады деп көрсетілген», - делінген хабарда.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2015-2017 жылдары бөлінетін кепілді трансферт жыл сайын   1 702 млрд теңгені құрайды. Жоспарланған кепілді трансферт пен мақсатты трансфертті тарту барысында  Ұлттық қордағы төмендетілмейтін қаржы қалдығы бойынша шектеу ЖІӨ-нің  30%-нан төмен емес деңгейде сақталады. 

Сонымен қатар әділет министрі Берік Имашевті тыңдағаннан кейін Палата әділ сотқа халықаралық қолжетімділік туралы Конвенцияны мақұлдады. Халықаралық құжат келісімге келген әр мемлекеттің азаматына, сондай-ақ олардың аумағында тұратын тұлғаларға келісімге келген мемлекеттер азаматтарымен тең түрде азаматтық және сауда істері бойынша соттарда құқықтық көмек көрсетуді қарастырады. Конвенцияны мақұлдау құқықтық көмек ұсыну және алу, аталмыш Конвенция аясында мүше мемлекеттерде Қазақстан сотының шешімін мәжбүрлеп орындату, шешімнің орындалуының жеделдігі мен ресми талаптарды сақтау тәртібін жеңілдету  саласында Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын ары қарай дамыту және тереңдетуге ықпал ететін болады. 





Яндекс.Метрика