«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қазақстан Президенті дана стратег және мықты мемлекеттік қайраткер - Әзірбайжан елшісі

«Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жаңа саяси бағыты Қазақстан Президентінің алыстан ойлайтын дана стратег және мықты мемлекеттік қайраткер екенінің тағы бір дәлелі. Бұл жөнінде ИА Strategy2050.kz-ге берген сұхбатында Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Закир Ариф оғлы Гашимов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 09:17

«Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының дамуындағы маңызды қадам болып табылады.  Әзірбайжан Республикасының елшілігі осы құжатта көрсетілген міндеттер     сапалы және уақытылы жүзеге асырылады деп сенеді.  

«Бұл құжаттың экономикалық өсімге, кәсіби мемлекеттің қалыптасуына, қазақ тілі деңгейінің артуына, Қазақстанда тұратын барлық халықтың әл-ауқатының  артуына, және өңірде бейбітшіліктің орнауына ықпал ететініне сенімдіміз. Әзірбайжан туысқан ел ретінде біздің туысқан халықтар арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалайды және алда да бұл қарым-қатынас   екіжақты қатынастың нығаятынына ықпал етеді деп үміттенеді», - деп мәлімдеді  З. Гашимов.

Сонымен қатар Елші мырза жаңа саяси бағыт  Қазақстан Президентінің алыстан ойлайтын  дана стратег және мықты мемлекеттік қайраткер екенінің тағы бір дәлелі екенін атап өтті.  «Құжат өзінің жаһандық маңызға ие екенімен ерекшеленеді. Дамушы елдерге өздерінің қалыптасу жолында экономикалық секілді әлеуметтік кедергілерден де өтулеріне тура келеді. Экономиканы қалыптастыру, инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесін  дамыту - бұл дамушы елдер шешуге тиіс міндеттердің тек бір бөлігі ғана. Бұл ретте елдің дамуын стратегиялық тұрғыдан сауатты жоспарлаудың рөлі зор», - деп түсіндірді   З. Гашимов.

Өз кезегінде Әзірбайжан елшісі жаңа саяси бағдарламаға байланысты Қазақстанға прогресс, гүлдену, бейбітшілік пен амандық тіледі.  

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика