Өңірлер

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 4G қызметі Қазақстанның барлық аудан орталықтарында пайда болады

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 4G қызметі Қазақстанның барлық аудандық орталықтарында пайда болуы тиіс, деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 18:04

«Қазақтелеком» АҚ хабарлағандай, ведомствоаралық комиссия шешімінің негізінде «Қазақтелеком» АҚ жүктелген, ҚР аумағын міндетті түрде кезең-кезеңмен қамту аясында, 2012-2013 жылдары компания республиканың алты облыс орталығын: Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, сондай-ақ Астана, Алматы және қала маңындағы жерлерді қамтамасыз етті. Қалған 8 әкімшілік орталықтарда пилоттық-коммерциялық аймақ қосылған болатын. 

Сонымен қатар 2014 жылы Түркістан және Кентау қалаларында 4G желісін қосқаннан кейін «Қазақтелеком» АҚ 50 мыңнан аса тұрғыны бар қалаларды LTE желісімен қамтуды мерзімінен бұрын аяқтады. 

Айта кетерлік жайт, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 4G қызметі Қазақстанның барлық аудандық орталықтарында пайда болуы тиіс.

Жалпы бүгінде 4G қызметімен жалпы тұрғындарының саны 10,6 млн. адам болатын ҚР 200 елді мекені қамтамасыз етілді, бұл еліміздегі тұрғындардың 62% құрайды. «Ағымдағы жыл соңына дейін 2,5 мыңнан аса базалық стансаларды пайдалануға енгізу жоспарланып отыр. 2017 жылға дейінгі аралықта тағы да 142 аудан орталықтарын қамтуды жоспарлап отырмыз» - деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Технологиялық дамудың келесі қадамы ретінде «Қазақтелеком» АҚ тікелей 4G LTE желісі арқылы дауысты беруге мүмкіндік беретін VoLTE технологиясын енгізу мүмкіндігін қарастыруда, сондай-ақ LTE-Advanced технологиясын енгізуге дайындалуда.




Яндекс.Метрика