Инвестициялар

Ауылдарға ғаламтор жүргізу үшін 48 млрд теңге жеке инвестиция тарту жоспарлануда – Жұмағалиев

Ауылдарға ғаламтор жүргізу үшін 48 млрд теңге жеке инвестиция тарту жоспарлануда, деп хабарлады инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің отырысында.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 17:24

«Ауылдағы ахуалға сай ғаламтор пайдаланушылардың саны 56,4 пайызды құрады. Елдімекендерге ғаламтор қызметін ұсыну жағынан біз EVDO стандартының 3G қызметін көрсетіп отырмыз.  Біз шалғайдағы ауылдарда теллекоммуникация қызметін дамыту керектігін түсінеміз»,- деді А.Жұмағалиев.

Вице-министр  елдімекендерді талшықтық-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету жүйесі енгізілетінін еске салды. «Жоба капиталы айтарлықтай үлкен, мемлекеттік бюджет есебінен емес, жеке инвестицияларды тарту арқылы жүргізіледі. Оның құны 48 млрд теңге, екінші кезеңде сәйкесінше есептеулер жүргізілуде»,- деп толықтырды ол.

Бірінші кезекте 1300 астам ауылды, екінші кезеңде тағы да 1300 ауылды ғаламтормен қамтамасыз ету жоспарланған.

«Осылайша біз ауыл халқының 89,7 пайызын сапалы ғаламтормен қамтамасыз ете  аламыз»,- деп сендірді А.Жұмағалиев.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика