2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Менің Елім – Мәңгілік Ел» автоэкспедициясы өз мәресіне жетті

Бүгін 25 қараша күні Астанада «Менің елім – Мәңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» атты жастар автоэспедициясы келіп, салтанатты түрде өз мәресіне жетті. Шара Тұңғыш Президент күніне орайластырылды.
Нұр-Сұлтан 25 Қараша, 17:13

Каспий жағалауындағы Ақтаудан алыс сапарға шығып, Алтайға дейінгі ұлан-ғайыр даламызды шарлаған «Менің Елім – Мәңгілік Ел» автоэкспедициясының көздеген мақсаты – жастардың арасында отаншылдық сезімді ояту, бір идея төңірегінде бас қосу болып табылады.

Жобаны «Қазақстан жолы-2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жалпыхалықтық стратегиясы, «Қазақстан-2020: Болашаққа бастар жол» мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы мен туризмді дамыту бағдарламасы аясында қолға алынған.

Естеріңізге сала кетейік Елбасы Маңғыстау облысына жасаған сапарында экспедицияны өзі жолға аттандырған еді.

Айта кетерлігі, Ақтаудан Алтайға дейін сапар шеккен автоэкспедиция 30 елді мекенге соғып, 14 мың шақырым жолды жүріп өткен.  





Яндекс.Метрика