Инвестициялар

«Қазақтелеком» мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында ауылдарды дамытуға инвестиция салуға дайын

«Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы экономикалық саясат кеңесінің бірлескен отырысында «Қазақтелеком» Мәжіліс депутаттарына 250 адамнан астам халқы бар ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс жолымен қамтамасыз ету жобасын таныстырды.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 16:57

«Мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жүйесін құруға қолдау көрсетуді сұраймын. Осы арқылы ауылдарды дамытуға инвестиция саламыз. Бізде жеке меншік инвесторлар да жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік-жеке меншік туралы жаңа заңда жан-жақты қарастырып, ауылдарға инвестиция салу жағын да ескердік», - дейді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Тиісті заң жобасы 2015 жылы Парламентке ұсынылмақ.

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады. «Бірінші кезеңде 2 млн 100 мың адам қамтылса, инвестицияның бір бөлігі мемлекеттің араласуымен қайтарылады», - дейді.

Жалпы, компания басшысының айтуынша, 1 қарашадағы мәлімет бойынша республикада 6 774 ауылдық жер бар екен. Олардағы сандық қамтамасыз етілу деңгейі 98,93%.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика