Мәдениетті жаңғырту

AWARD.kz екі ғаламтор жүлдесін Қазақстанның ашық кітапханасы жеңіп алды

2014 жылғы AWARD.kz ұлттық ғаламтор-жүлдесінің «Мәдениет және өнер» мен «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» номинацияларын «WikiBilim» қоғамдық қорының «Қазақстанның ашық кітапханасы» (kitap.kz) жобасы жеңіп алды.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 18:49

«Қазақстанның ашық кітапханасының мақсаты барлық қазақ тілді кітап қорын қамту. Кітапхана пайдаланушылары барлық еңбектермен шектеусіз таныса алады. Оның үстіне кітапхана аудио және бейне басылымдарды  жанақтаумен және жүйелеумен айналысады», - деп қордан хабарлады.

Бүгінде Қазақстанның ашық кітапханасы қазақ әдебиеті туындыларының барынша толық электронды нұсқасын ұсынады. Бүгінде қордың қоржынында 7 мыңнан астам туынды бар. Оның үстіне Қазақстанның ашық кітапханасы Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шығарылған туындылардың барлығын жариялау құқығына ие.

Бұдан басқа кітапхана аясында қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясын жасақтау жоспарланған. Ол қазақ тілдегі аудиокітаптардың ең үлкен қоры болмақ, бүгінде оған 1500-ден астам туындының аудионұсқасы енгізіген.




Яндекс.Метрика