ҚР ИИДМБ

Ақтөбедегі коммуникациялық инфрақұрылымды аяқтауға 2,4 млрд теңге бөлінеді

Ақтөбеде сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге биыл 3 млрд теңге бөлінді, ал 2015 жылы осы аталмыш бастаманы аяқтауға 2,4 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе25 Қараша , 18:32

«Бірінші бесжылдықта Индустрияландыру картасының 620,5 млрд теңгенің 80 инвестициялық жобасы енгізілді. Нәтижесінде 10,6 жаңа жұмыс орны ашылды. Соның ішінде 317,8 млрд теңгенің 70 жобасы іске асырылды. Осылайша 5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды», - делінген хабарламада.

2014 жылы 1 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 198 млрд теңгенің 6 жобасы іске асырылмақшы.

Облыста облыс экономикасын ары қарай құрылымдық қайта құруға мүмкіндік беретін бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылып, бір бөлігі аяқталды.

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, әлемдік стандарттарға жауап беретін заманауи өнеркәсіптік-өндірістік кешендер құру үшін Ақтөбеде Индустриялды аймақ құру жұмыстары қолға алынған. 200 гектардан астам жер телімі бөлінді. Жобаның ЖШС дайындалып, айтарлықтай шаралар атқарылды. Инфрақұрылымдық нысандар құрылысы жұмыстарының құны 8 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру көзі республикалық және жергілікті бюджет.

2014 жылдың шілде айынан бастап сыртқы инфрақұрылым құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар облыста жалпы құны 456,1 млн теңге болатын Индустриялды аймақтың әкімшілік-тұрмыстық корпусы мен аумағы салынуда. Аймақ химия, мұнай-газ, құрылыс, көлік салаларын дамытуға бағытталған. Индустриялды аймақ аумағында шамамен 15 өнеркәсіптік және көлік-тасымал нысандарын салу жоспарланған. 




Яндекс.Метрика