EXPO-2017

Австрия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытты

24-25 қарашада ЭКСПО-2017 комиссары – ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Австрия Республикасына жұмыс сапармен барды.
Әлемде25 Қараша , 18:17

 «Сапар аясында Еуропаның Федералды министрлігі, Австрияның интеграция және халықаралық істер, Австрияның Федералды ғылым, зерттеу және экономика министрлігі, Федералды экономикалық палата, Туристік операторлар мен туристік агенттіктер қауымдастығы, сонымен қатар құрылыс, туризм, тасымал мен жаңартылмалы қуат көздері саласындағы алдыңғы қатарлы австриялық компания басшылығымен екіжақты кездесу өтті», - деп хабарлайды ҚР СІМ.

Федералды ғылым, зерттеу және экономика министрі орынбасары, Қазақстан-австрия үкіметаралық комиссиясының тең құқылы төрағасы Бернадетте Гирлингер кездесу осы күндері Австрия астанасында өтіп жатқан Вена Экономикалық Форумы алаңында өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-ынтымақтастықты дамытудың бүгіні мен болашағын талқылап, соның ішінде австрия компанияларының ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы сөз болды.

«Р.Жошыбаев онда көрмеге дайындық барысы туралы әңгімелеп, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың атынан Австрияның Федералды Президенті Х.Фишерге бағытталған шақыру хатты табыстады. Альпі елдерінің баламалы және жаңартылмалы қуат көздерін дамыту әлемдік көшбасшы екенін айта келіп Рәпіл Жошыбаев Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындарына сенім білдірді», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Гирлингер ханым елдегі тұтынылатын қуат көлемінің 75 пайызының баламалы қуат көздері есебінен өндірілетінін айта келіп, Австрияның Астанада өтетін аталмыш шараға қатысатындығын мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша 2015 жылы қазақстан-австрия үкіметаралық комиссиясының отырысы аясында ЭКСПО-2017 ұйымына австриялық компанияларды тарту туралы келісімге қол жеткізілді.

Еуропаның Федералды, интеграция және халықаралық істер министрлігінің бас хатшысымен Михаэл Линхарт келіссөзде виза режимін жеңілдету, әуе рейстерінің жиілігін арттыру, сауда-экономикалық және құқықтық қатынастар мәселесі талқыланды. 




Яндекс.Метрика