Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ақтөбеде 2011-2014 жылдары жол жөндеу жұмыстарына 27,7 млрд теңге бөлінді

Ақтөбеде 2011-2014 жылдары жергілікті автожолдарды жөндеу мен дамыту жұмыстарына 27,7 млрд теңге бөлінді.
Ақтөбе25 Қараша , 18:02

Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, соңғы кездері Ақтөбе облысында жол жөндеу және республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарды салу барысында үлкен жұмыс атқарылды. Осы ретте «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізін айтпай кетуге болмас. Оның Ақтөбе облысы бойынша ұзындығы 628 км. Аймақ өзге өңірлерге қарағанда тоғыз жолдың торабының өз учаскісі бойынша құрылысын ертерек аяқтап, пайдалануға берді.

Өңірдегі көлік инфрақұрылымы әлеуетін дамыту басымдылық берілген салаларды ескере отырып жүргізілетін болады.

Бұдан басқа басқарманың мәліметі бойынша, 2015 жылы «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналмасы» автожолының қайта құру жұмыстары жалғасады. Жоба құны 4 млрд теңгеден асады.  Жобаны жүзеге асыру облыс орталығын транзиттік көлікпен қамтамасыз етеді және оның тікелей «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолына шығуына мүмкіндік береді.

Айта кетерлік жайт, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі арқылы жүк айналымын арттыру үшін 7 қарашада өткен Ақтөбедегі инвестфорумда «ҚТЖ»ҰК»АҚ-мен   Ақтөбеде жаңа көліктік-логистикалық орталықты салу туралы меморандумға қол қойылды. 




Яндекс.Метрика