Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Қырғызстанда жыл соңына дейін «Қазақстандық құйма» зауытының құрылысы басталады

Қырғызстанда «Қазақстандық құйма» ретінде потенттелген ферросиликоалюминий өндіретін зауыттың құрылысы ағымдағы жылдың соңына дейін басталады, деп мәлімдеді Алматыдағы кен-металлургия кешені жайлы халықаралық конференцияда ICMD Holding GmbH Холдингінің президенті Хайн Юрген.
Әлемде26 Қыркүйек , 14:28

Оның айтуынша, Қырғызстанда салынатын зауыттың құрылысы 2011 жылы басталған. Екі жыл ішінде холдингтің дайындық жұмысы арқылы зауыт құрылысына жер алынып, Қырғызстан үкіметінен 20 жылға электроэнергия тарифының төмен берілуіне кепілдік алынды, қондырғыларды жеткізуші мен басты мердігер анықталды.

«Сонымен қатар ең негізгі өндіріс орны анықталды. Логистика мәселелері қарастырылып, Ресей, Еуропа, Азия, Қытай мен Жапонияға тасымалдау жағы шешілді», - деді Х.Юрген.

Зауыт 2015 жылдың соңына таман іске қосылады деп жоспарланып отыр. Өндіріс көлемі 50 мың тоннаға құймаға дейін жетеді. Зауыт құрылысының құны 92,5 млн доллар. Қаржының бір бөлігі жоба инвестициясына салынып та кеткен. 

Айта кетйік, бүгін Алматыда Үшінші индустриялық революциядағы кен-металлургия кешені жайлы халықаралық конференция басталды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика