Ұлттың денсаулығы

Жазғы спорт түрлерінің бапкерлер кеңесі жыл соңына дейін лицензия ұтып алу жоспарын ұсынады – Қанағатов

Жазғы спорт түрлерінің бапкерлер кеңесі жыл соңына дейін лицензия ұтып алу жоспарын ұсынады, деп мәлімдеді бүгін ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасы Елсияр Қанағатов ОКҚ брифингінде.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 15:57

«Қазақстан құрамасының алдына қойылған міндеттеме – Рио-2016 чемпионатында кемінде 3 алтын алу. Әрине, бұл мәселе әлі талай талқыға түседі. Жыл соңына қарай біз жазғы спорт түрлерінің бапкерлер кеңесінің жоспарын тыңдап, онда бапкерлер лицензия ұтып алу және дайындық жоспараларын таныстыратын болады, сол жерде ақырғы тоқтамға келеміз», - дейді Қанағатов.

Комитет басшысы спортшылар арасында ғана емес, сонымен қатар бапкерлер арасындағы бәсекелестікті де тілге тиек етті. «Жас бапкерлер өсіп келе жатыр. Олар да өз орындарын дәлелдеуде. Лондондағы олимпиададан кейін әсіресе ауыр атлетикада жетістік байқалады. Спортшылар мен бапкерлер өз жұмыстарын біліп отыр. Жас спортшылар да өсіп жетілді», - дейді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика