Халықаралық интеграция

А.Р. Достум: Ауған халқы бауырлас Қазақстанға ізгілік көмек үшін ризашылығын білдіреді

Ауғанстан Ислам Республикасының Бірінші Вице-президенті армия генералы Абдул Рашид Достум ҚР-ның Ауғанстандағы Елшісі Өміртай Бітімовті қабылдады, деп хабарлаыд Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде 25 Қараша, 19:04

«Кездесу барысында басқа мәселелермен қатар, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы талқыланды. Қазақстандық дипломат оның негізгі мазмұнымен таныстыра отырып, бұл құжат жақын болашақта ықтимал экономикалық дағдарыстың салдарын болдыртпауға арналған Үкіметтің шаралары мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналғанын атап өтті», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, А.Р.Достум «Қазақстанды Ауғанстанда достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады» деп мәлімдеді. Ауғанстанға халықаралық сахнада көрсетіліп отырған қолдау үшін және биылғы жылы су тасқыны мен көшкіннің салдарынан апатқа ұшыраған Джаузджан мен Бадахшан провинцияларының тұрғындарына жіберілген гуманитарлық достас көмек үшін Президент Н.Назарбаевқа айрықша алғыс білдірілді.

А.Р.Достум Елбасының тұлғасына терең ілтипатын білдіре отырып, «Қазақстан Президентін өзінің елін дамыту бойынша шынайы қадамдарды жасайтын халықаралық деңгейдегі көреген көшбасшы ретінде» қарастырады. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы ҚР басшылығының қазіргі кезеңдегі парасатты саясатының дәлелі болып табылады».

Ауғанстанның Бірінші вице-президенті «екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері бағытында экстремизм мен лаңкестіктің таралуына қарсы барлық шараларды жеке өзі пысықтайтынын» мәлімдеді.  

 





Яндекс.Метрика