ҚР ИИДМБ

Ақмола облысында Индустрияландыру картасы аясында 855 жұмыс орны ашылады

Ақмола облысында Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 764,3 млрд теңгенің 85 жобасын іске қосу және 32 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу көзделуде, деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».
Ақмола25 Қараша , 16:49

Аталып өткендей, Ақмола облысында Индустрияландыру картасы аясында ағымдағы жылы жалпы құны 37  млрд теңге болатын 15 жобаны іске қосып, 855 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 5 жоба іске қосылды. Олар: Шортанды ауданындағы «Полимер Пласт» ЖШС  полиэтилен өнімінің өндірісі, жоба құны 161 млн теңгеден асып жығылады, ал жобалық қуаттылығы жылына 1500 тонна өнім өндіруге жетеді және 37 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, Целиноград ауданында «Жаңа Сервис - 2007» ЖШС газаблок өндіретін зауытты іске қосты.  Жоба құны 226 млн теңге, ал жобалық қуаттылығы жылына 60 мың текше метр  және 75 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұдан басқа, «РегионСтрой» ЖШС үйқұрылысы комбинатын ашты. Жоба құны 1 млрд теңге, ал жобалық қуаттылығы жылына 50 мың шаршы метр  және 41 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында  «AgroTrading - 2007» ЖШС құрама жем зауытын іске қосты. Жоба құны 1265 млн теңге, ал жобалық қуаттылығы жылына 40 мың тонна өнім  және 27 тұрақты жұмыс орны ашылды. Айта кетерлік жайт, зауыт жобалық қуаттылығына 2019 жылы шығады. Соңғы жоба – Бұланды ауданындағы «ТрансТехМаш» ЖШС кесілген ағаштарды өңдеу және қайта өңдеу өндірісі. Жоба құны 400 млн теңге, ал жобалық қуаттылығы жылына 300 мың дана  өнім және 5 000 текше метр тақта.  Онда  70 тұрақты жұмыс орны ашылды және зауыт  жобалық қуаттылығына 2015 жылы шығады.

Бұдан басқа, жыл соңына дейін жалпы сомасы 33,9 млрд теңге болатын және 645 жұмыс орнын ашуға сетігін тигізетін 10 жобаны іске қосу көзделген. 




Яндекс.Метрика