Өңірлер

Лебяжі ауданында 52,0 млн теңгеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілді

Лебяжі ауданында осы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 52,0 млн. теңге қаражатқа аудандық маңызы бар жолдың 9,7 шақырымына орташа жөндеу жүргізілген, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар25 Қараша , 16:33

Әкімдіктің  мәліметінше, ауыл шаруашылығы - ауданның экономикалық дамуың басты бағыты. Өткен жылмен салыстырғанда асыл тұқымды ірі қара мал басы 2,3 %-ға, жылқы 1,5 %-ға өскен.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында ауданның ауыл шаруашлығы тауарларын өндірушілері 550 төлдейтін ірі қара мал мен 27 өгіз, 93 бие мен 15 айғыр сатып алған. Жыл соңына дейін тағы 40 бие мен 4 айғыр сатып алу жоспарлануда. Осы бағдарлама аясында 39,9 млн. теңгеге 30 шаруа қожалығы субсидияланған.

Сонымен қатар аудандық маңызы бар жолдың 7 учаскесіндегі 23,8 шақырымға ЖСҚ әзір тұр.

Лебяжі ауданында 1-ден 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен қамту 82,0 % болса, 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектеп алды білім берумен қамту 100%-ды құрап отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде 755 орын бар.

Биылғы жылы аудандық денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 5,1 пайызға артқан. Ауруханаға 23,5 млн. теңге қаражатқа төрт санитарлық автокөлік, екі ЭКГ аппараты мен фетальды монитор сатып алынса, жыл соңына дейін құны 28 млн. теңге болатын рентген аппараты мен 7,8 млн. теңгеге УДЗ аппаратын алу көзделіп отыр.

 




Яндекс.Метрика