Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«Зерде» холдингі ТМД елдерінде АКТ дамыту бойынша базалық ұйымға айналды

Ашхабадта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің отырысында «Зерде» холдингіне ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында жұмыстарды әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету бойынша Базалық ұйым мәртебесін беру туралы шешім қабылданды, деп холдингтен хабарлады.
Әлемде25 Қараша , 15:33

 «Бізге сенім артқаны үшін Үкімет басшылары кеңесіне, ТМД мен БАЫ-ның атқарушы комитеттеріне алғысымды білдіргім келеді. Біз үшін Базалық ұйымға айналу өте үлкен абырой, және бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. «Зерде» холдингі АКТ-ды дамытуға оң ықпал ететіне және ақпараттық қоғамды құру мен дамытуда ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Ынтымақтастық стратегиясын жүзеге асыруда үлкен үлес қосатынына сенемін», - деп атап өтті «Зерде» холдингінің Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Бикеш Құрманғалиева.

Хабарланғандай, базалық ұйымның негізгі қызметтері мыналар болып табылады: АКТ-ды жүйелік және кең ауқымды қолдануға бағытталған, ТМД қатысушы-мемлекеттер саясатын қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу, сондай-ақ ТМД қатысушы-мемлекеттерде ақпараттық қоғамды қалыптастыру мен дамыту және оларды әлемдік ақпараттық кеңістікке біріктіру; ТМД қатысушы-мемлекеттер мүдделерінде АКТ саласындағы маңызды бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; АКТ саласындағы мемлекетаралық пен үкіметаралық шарттарды, концепцияларды, бағдарламаларды және олардың жүзеге асуы бойынша іс-шаралар жоспарларын дайындауға қатысу; ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі Шешімімен бекітілген, ақпараттық қоғамды құру мен дамытуда ТМД қатысушы-мемлекеттердің Ынтымақтастық стратегиясын жүзеге асырудың ағымдағы жағдайына талдау жасау, мемлекетаралық бағдарламаларды, келісімшарттарды орындауға қолғабыс ету; АКТ саласында ТМД қатысушы-мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын дамытудың әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеуге қатысу; ТМД қатысушы-мемлекеттердің ғылыми зерттеу ұйымдарымен АКТ саласында өзекті тақырып бойынша бірлескен ғылыми зерттеу мен басқа бағдарламаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу; Базалық ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша деректер қорын қалыптастыру және сүйемелдеу; АКТ саласында нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық қорды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; ТМД қатысушы-мемлекеттердің АКТ саласында мемлекетаралық және үкіметаралық бағдарламалар мен жобалардың сараптамаларын өткізуге қатысу; Халықаралық ұйымдарға АКТ секторын дамыту жағдайы туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу әдістерін жетілдіруге қатысу және жеткізу, соның ішінде халықаралық ұйымдармен қалыптасатын, АКТ-дамыту көрсеткіштерін тұрақты бақылау мен талдау нәтижелерінің негізінде; Ғылыми және сарапшы орта өкілдері, ТМД қатысушы-мемлекеттердің оқу орындары арасында АКТ саласында тәжірибе алмасуға көмектесу; ТМД қатысушы-мемлекеттерде АКТ құралдарын әзірлеу мәселелері бойынша сараптамалар мен консультацияларды өткізуге қатысу; Серіктестерді іздеуге, жұмыс кездесулерді, халықаралық форумдарды, конференцияларды, кеңестер мен семинарларды ұйымдастыруға жәрдемдесу.

Естеріңізге сала кетейік,  Астанада 7-8 қазанда өткен, Global e-Government Forum 2014 барысында, әлемге танымал көптеген сарапшылар Қазақстан ендірілген технологияларды көрші елдерде көбейте алатын, АКТ дамытудың жоғары деңгейіне жеткенін атап өтті.




Яндекс.Метрика