Ұлтаралық бірлік

СҚО-да ҚХА-ның тиімді жүйесін құру мәселесі талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесiнiң кеңейтiлген отырысы өттi, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан25 Қараша , 17:18

«Отырысқа облыстық ассамблея төрағасы, облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов төрағалық еттi. Ассамблеяның осы жылда атқарған жұмысы туралы облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушiсi Наиль Салимов хабардар еттi», - делінген хабарламада.

Облыстық ассамблея үстiмiздегi жылы үш жүзден аса шара ұйымдастырған. Осы жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ашылды.

Айыртау ауданындағы этномәдени орталықтардың жұмысы жайында аудан әкiмi Ағзам Тастемiров баяндады.

Осыдан бiр ай бұрын «Қоғамдық келiсiм» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi құрылған. Мекеме жетекшiсi Дина Әбiлмәжiнова осы орталықтың жоспарларымен таныстырды.

Кеңейтiлген отырыс соңында облыс кiмi Ерiк Сұлтанов кеңес мүшелерiн өңiрде атқарылып жатқан жұмыстар жайында хабардар еттi.




Яндекс.Метрика