Мәдениетті жаңғырту

Өскеменде халықтық аспап орындаушыларының байқауы өтті

Өскеменде Құманғазы атындағы X халықтық аспап орындаушыларының байқауы аяқталды. Шара үш күнге ұласты, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан25 Қараша , 19:18

Хабарламада айтылғандай, байқау екі жылда бір рет тұрақты өткізіліп тұрады. Байқау алғаш рет 1983 жылы өткен екен. Екінші рет 1990 жылы ұйымдастырылды. Тек соңғы алты жылда ғана ол тұрақты түрде екі жыл сайын өтіп жатыр.

«Шығармашылық байқау ә дегеннен-ақ өнерпаздардың үлкен қызығушылығына ие болды. Қойылатын талап – үміткердің 16-32 жас аралығында болуы. Қазылар құрамында атақты мәдениет қайраткерлері мен сазгерлер бар», - делінген хабарламада.

Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат Құрманғазы мұрасын сақтау мен оны насихаттау, ұлы күйші шығармашылығын дәріптеу мен жас дарындарды ашу.

Сонымен қатар қазылар жеңімпаздарды бірқатар аталым бойынша марапаттады. Атап айтар болсақ олар: «Домбыра, шертер», «Қобыз, шаңқобыз», «Сырнай». Биылғы бас жүлде жас өнерпаз Болат Долдашевқа бұйырды. 




Яндекс.Метрика