Адами капитал

Астанада «Болашақ» бағдарламасы туралы монография таныстырылды

ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының адамзаттық капиталға тигізген үлесі туралы монография Астанада таныстырылды.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 14:01

«Бұл монография ең алдымен білім беру саласына қызығушылық танытып жатқан зерттеушілер мен сарапшылардың қызығушылығын арттырады», - деді «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институтының директоры, авторлық ұжым жетекшісі Саясат Нұрбек.

Ол атап өткендей, «Болашақ» стипендиясы білімге негізделген экономиканы қалыптастырудың негізгі элементі болып саналады. Айта кетейік, Мемлекет басшының бастамасымен 1993 жылдың 5 қарашасы «Болашақ» бағдарламасы құрылды. Осы жылдар аралығында халықаралық стипендия иегері атағына 11 мың адам ие болды.

«Болашақ» бағдарламасы халықаралық деңгейде белсенді оқытылуда. «Мыңдаған сұхбаттар мен мақалалар бар, алайда, терең, мағыналы зерттеулер жоқтың қасы. Бұл орайда адамзаттық капиталға «Болашақ» стипендиясының енгізген үлесі мен рөлін зерттеу қажет», - деді ол.

Кітап авторлары кітаптың рөлін әлеуметтік-экономикалық, білім беру, мәдени саладағы даму мен адамзаттық капиталға құйылған инвестиция, қазақстандық даму моделін «Болашақ» стипендиясының призмасы арқылы дамытады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика