Мәдениетті жаңғырту

ҚР Тұңғыш Президентінің музейі мен Ұлттық Қорғаныс университеті ынтымақтастық туралы меморандумға отырды

Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің музейі мен Ұлттық Қорғаныс университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Нұр-Сұлтан 25 Қараша, 13:24

«Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде  Тұңғыш Президент  атындағы Ұлттық Қорғаныс университеті музеймен ынтымақтастық туралы меморандумға отырды.  Бірлескен жұмыстың мақсаты қарулы күштердің даму тарихын зерттеу болып табылады. Келелі құжатқа Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында қол қойылды. Бұл шараға «Жасұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері қатысты, менің ойымша  жас ұрпақпен ересектер арасында осындай байланыс болуы тиіс. Жас ұрпақ Мемлекет басшысының жеткен жетістігіне ұмтылып, алдарына міндет қойып,  оны шешуі керек», - деді ҚР Тұңғыш Президентінің атындағы ҰҚУ ғылыми-зерттеу институтының бастығы Мұхтар Серікпаев.

Айта кетерлік жайт, мемерондум шеңберінде ғылыми-зерттеу, білім беру, экскурсия және өзгеде шараларды өткізу жоспарланған. Ол 5 жылға есептелген, егер қос тарап оның мерзімін созғысы келсе онда ол ұзартылады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президентінің атындағы Ұлттық Қорғаныс университеті  Орталық Азияда әскери кадрларды даярлайтын жалғыз оқу орны. Кешеннің жалпы көлемі 107 шаршы метрден асады.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика