Ұлттың денсаулығы

Қазақстандық ауыр атлетика мектебі құрылды – Ни

Қазақстандық ауыр атлетика мектебі құрылды, деді Ауыр атлетика бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни ОКҚ брифингінде.
Нұр-Сұлтан 25 Қараша, 12:59

«Қазақстандық ауыр атлетика мектебі құралды. Ол Пекинде өткен олимпиадаға дейін құрылып қойған. Әлем қазақстандық ауыр атлетиканы бірбағытты сәттілік деп қана қабылдайды», - деді А.Ни.

Оның айтуынша, Қазақстанда жас спортшылар ғана емес, сонымен қоса, чемпиондарды дайындайтын бапкерлер де бар. «Сондықтан да мен Қазақстан ауыр атлетикасына оптимизммен қараймын», - деді ол.

Айта кетейік, Алматыда ауыр атлетика бойынша чемпионат өткен болатын, оған 188 елден 500 спортшы қатысты. Алматылық чемпионаттың негізгі ерекшелігі спортшылар 2016 жылғы Олимпиадаға лицензия алады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Алматыдағы чемпионатта үшінші орын алды. Олардың қоржынында 3 алтын, 2 күміс болды. Чемпионат қорытындысы бойынша ерлер құрама командасы жалпыкомандалық көрсеткіш бойынша екінші орын алды, ал әйелдер командасы 4-ші орынға ие болды.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика