Мәдениетті жаңғырту

Қазақстан мен Италия мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді – МСМ

ҚР Арыстанбек Мұхамедиұлы мен ҚР-дағы Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Стефано Раваньянмен кездесуде мәдениет, кино өнері мен археология саласындағы ынтамақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 14:33

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, әңгіме барысында италия тарабы Қазақстан аумағында бірлескен археологиялық жұмыстар жүргізу мен жас оқымыстылар және мәдениет, өнер саласындағы мамандармен алмасуға, Қазақстанда италиялық музейлердің жұмысын ұйымдастыру мен Италияда қазақстандық ұжымдардың жұмысын ұйымдастыруға қызығушылық танытты.

Елшінің хабарлауынша, Қазақстан мәдениет министрлігімен кездесуде ол бірқатар ірі нысандар, өнер мен мәдениеттің оқу орындарын аралап, Астана мен Алматы қалаларының мәдениет қайраткерлерімен кездесті. С.Раваньян Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің теңдессіз архитектурасына таңдай қақты.

«Қазақстанда Италия өнерінің, соның ішінде опера саласының кеңінен танылғаны мені шын қуантады. Менің ойымша, мәдениет саласында екіжақты қатынасты дамыту мен қалыптастыруға мүмкіндік мол. Осы орайда Қазақстанда Италияның, Италияда Қазақстанның мәдениет жылын ұйымдастыру артықтық етпейді», - дейді елші.

Өз кезегінде министр екіжақты бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдіріп, екі ел арасында мәдени байланысты нығайту керектігіне тоқталып, италиялық әріптесімен кездесуге кет әрі еместігін де айтып қалды. 




Яндекс.Метрика