«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Майлыбаев: «Нұрлы жол» – алдын ала шаралардың жүйелі жоспары

Мемлекет басшысының жаңа «Нұрлы жол» Жолдауы жаһандық дағдарыс кезінде қоғамда сапалы әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ететін алдын ала шаралардың жүйелі жоспары, деп мәлімдеді бүгін Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев Астанадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты саясаттанушылар форумында.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 13:31

Форумды ашқан Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Б.Майлыбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының жаңа «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы жаһандық дағдарыс кезінде қоғамда сапалы әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ететін алдын ала шаралардың жүйелі жоспары. «Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты ұлттық экономиканың инфрақұрылымдық қаңқасын жаңартуды мақсат етеді», - дейді Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Б.Майлыбаев.

Оның пікірінше, Президенттің Жолдауы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыратын 20 қаланың картографиясын ерекше атап көрсетті. Сонымен қатар, Жолдау азаматтардың іскерлік жеделдігін, шағын және орта кәсіпкерліктердің заманауи инфрақұрылымы негізінде дамытушы күш іспетті.

Форумның мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен алдағы даму қарқыны және оның әлемдік аренадағы беделін құрудағы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметі мен рөлін отандық және шет елдік сарапшылар тарапынан талқыға салу болып табылады.  

Сарапшылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы мен «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын  терең талқылап, олардың Қазақстанды 2050 жылға қарай ең дамыған 30 елдің қатарына жетелуі тұрғысынан маңызына тоқталды.

Форум жұмысына АҚШ, Италия, Польша, Үндістан, Австрия, Ресей, Болгария, Қырғызстаннан халықаралық сарапшылар қатысты. 




Яндекс.Метрика