Ұлттың денсаулығы

Судьялар арасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мини футбол жарысы өтеді

Орал қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің олимпиада резерві спорт мектебінің спорттық кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне Батыс Қазақстан облыстық соты төрағасының Кубогы үшін облыстың судьялары мен сот қызметкерлері арасында шағын-футболдан жарыс өтті, деп хабарлады Жоғарғы сот.
Батыс Қазақстан25 Қараша , 19:33

Жарысқа барлығы төрт футбол командасы - Батыс Қазақстан облысы соттары судьяларының «Әділет», облыстық сотының кеңсе мамандарының «Достық», облыстың мамандандырылған ауданаралық соттарының «Арландар», сонымен қатар қалалық соттардың қызметкерлерінен «Достық» командалары қатысты.

Мерекелік шараны ашқан облыстық соттың төрағасы Бек Әметов Тұңғыш Президент күнінің барлық Қазақстан халқы үшін маңыздылығын атап өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша облыстық сот төрағасының кубогын бірінші орынды  қанжығасына байлаған «Достық» командасы иеленді. Жүлделі екінші орынды қалалық соттар мамандарының «Қыран» командасы, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысы соттары судьяларының «Әділет» командасы жеңіп алды. 

 

 




Яндекс.Метрика