Ұлттың денсаулығы

Алматыда Қазақстандағы геронтология қызметінің даму барысы талқыланды (ФОТО)

Алматыда гериатрия дәрігерлері, жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевттер мен әлеуметтік қызметкерлер қарттарға медициналық ұйымдардың көмек көрсетудегі проблемаларын талқылады, деп хабарлады ҚАЗМҮББУ баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 25 Қараша, 15:03

Шеберлік сыныптарында Қазақстанның барлық аймағынан келген медицина қызметкерлері әлемдегі заманауи геронтология қызметінің бүгінгі жағдайымен танысып, Қазақстанда онымен байланысты проблемаларды айқындап береді. Өзінің іс-тәжірибесімен ресейлік танымал медицина ғылымдарының докоры Кирилл Прощаев, сонымен қатар  Ресей, Белорусия,  Чех Республикасынан келген профессорлар бөліседі.  

«Шеберлік сынып барысында қазақстандық мамандарға егде жастағы адамдардың жалпы күтім бойынша кәсіби қызмет көрсету түрлері және диагностика мен созылмалы ауруды емдеу туралы жан-жақты мәлімет беріледі.  Сонымен қатар, мамандар оқыту барысында науқастың туысымен немесе жақынымен қалай жұмыс істеу керек екенін үйренеді», -  делінген хабарламада.

Сондай-ақ сала мамандарының пайымынша, ҚР-дағы геронтология қызметі ұйымы құрылудың ауыр кезеңін басынан өткеруде және ол халықаралық тәжірибенін тартылғанын қажет етеді.

Осы ретте денсаулық сақтау саласын үздіксіз білім берумен қамтамасыз етуді үйлестіруші ҚАЗМҮББУ оқыту шарасын өткізуді ұсынды. Күтіліп отқандай аталмыш шеберлік сыныбы ҚР-дағы геронтология қызметінің дамуына айтарлықтай септігін тигізеді.





Яндекс.Метрика