ҚР ИИДМБ

Степногордың дамуына моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 3,7 млрд теңге бөлінді

Ақмола облысында моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 2014 жылы осы мақсаттағы шараларды атқаруға 3,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды «Ақмола медиа орталығы».
Ақмола25 Қараша , 12:03

Хабарламада айтылғандай, 2013-2015 жылдарға арналған Степногорды дамытудың кешенді жоспары арқылы 80 шақты шара орындау қарастырылған, соның ішінде 36-сы 2013 жылға, 44-і 2014-2015 жылдарға тиесілі.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығына байланысты Степногор қаласын оңтайландыру» аясында сирекметал өнеркәсібі кластерін құру мәселесі мен қалада индусртиялды аймақ ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда. Аталмыш аймақта құрылыс индустриясы мен өңдеуші сала өнеркәсіптері ашылмақ.

«Қала әкімдігі индустриялды аймақ, «Есіл» ӘКК құру тұжырымдамасын дайындап, бизнес жоспары мен техникалық-экономикалық негіздемесін жасауда. Осы мақсатта 125 гектар жер телімі бөлінген. Онда барынша аз бюджеттік шығынмен инфрақұрылымдық нысандар салу мүмкіндігі бар», - делінген хабарламада.

Екінші бағыт «Степногор қаласының халқын жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын құру үшін шағын және орта кәсіпкерлік және экономиканы әртараптандыру» аясында екі «зәкірлі» жобаны іске асыру қарастырылған: «СП «SARECO» ЖШС «Ұжымдық сирекметалл концентраттарын өндіру ұйымы» жобасы жүзеге асырылып, шамамен 200 шақты жаңа жұмыс орны ашылды. Құрылғыларды кешенді тексеру жүргізіліп, технологиялық кестесі дайындалды. Жоспарлы қуаттылыққа жету мақсатында биыл құрылғылардың бір бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2013 жылы өндіріс көлемі 50,6 тоннаға, 2014 жылы 44,1 тоннаға жетті.

Сонымен қатар, «Доре қорытпасы, мыс сульфидтері мен цинк карбонатты концентраттарын алу арқылы алынған шырақ тұқылын гидрометаллургиялық өңдеу мен тауарлы қышқыл алып пиритті күйдіру» жобасы іске асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, моноқалаларды дамыту бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған еді. Оның мақсаты моноқалалардағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу мен олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.




Яндекс.Метрика