Ұлттың денсаулығы

12:00 - Ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатының қорытындысына арналған брифингтің онлайн көрсетілімі

25 қараша күні сағат 12:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде жақында елімізде ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатының қорытындысына арналған брифинг өтеді.
Нұр-Сұлтан25 Қараша , 10:24

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, ҚР Ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Омар  Мұстафин, ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков, еліміздің ауыр атлетика құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни, ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, екі дүркін Олимпиада чемпионы, Әлемнің үздік ауыр атлеті Илья Ильин, ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Жасұлан Қыдырбаев, ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Зульфия Чиншанло қатысады.




Яндекс.Метрика