Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Норвегия ғарыш саласында ынтымақтастық құруда

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Президентінің кеңесшісі А.Қазкеновтың басшылығымен Қазақстан өкілдерінің Норвегияға іс-сапары болып өтті.
Әлемде25 Қараша , 11:48

«Ғарыш саласы – Қазақстан және Норвегия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыты. Бұл бағыт, ғылыми зерттеу және жоғары технологиялар салаларындағы әлеуетті жобаларды және жоспарларды жүзеге асыру арқылы өзара экономикалық тиімділікті қамтамасыз ете алар еді. Бүгінде өзара байланыстар орнатылып, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыштық комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және құрлықтағы серіктік станцияларды және Жерді сонымен қатар теңіздік мониторингті байқау қызметімен айналысатын «Kongsberg Satellite Services» (KSAT) атты ірі компания арасында өзара ақпараттар бөлісу басталды», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстандық делегацияның іс-сапары барысында «KSAT» компаниясының және Норвегиялық ғарыш орталығының басшыларымен кездесу өтті. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «KSAT» арасындағы өзара ынтымақтастық бойынша Меморандумның жобасы табыс етілді. Норвегиялық ғарыш орталығы меморандумға қол қою бойынша қазақстандық жақтың ұсынысын қарастыратын болады. Норвегияның полярлық станцияларында (Свальбард а.) қазақстандық серіктік топтардың жерді қашықтықтан зерттеу, сонымен қатар, қоршаған ортаны және метеорологиялық жағдайды мониторинг жасау бойынша «KSAT» пайдалану мақсатында қазақстандық серіктіктердің түсірімдерін сату мәселелері қарастырылатын болды.

Норвегиялық компаниялардың өкілдері ҚР ғарыш саласында ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік тудырғаны үшін Елшілікке өз ризашылықтарын білдірді. Біздің жақтан «KSAT» компаниясымен ынтымақтастықтың келешегін есепке ала отырып, компанияның Вице-президенті М.Индрегард ҚР мемлекеттік қолдау бойынша қосымша шаралар жасауға қызығушылық танытатынын атап өтті.




Яндекс.Метрика