«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Астанада ТЖ қызметкерлері ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Нұрлы Жол –болашаққа қадам» Жолдауы талқыланды, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 25 Қараша, 11:17

Астана қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері мекеме басшысы М.Қ.Ысқақовтың баяндамасын тыңдады. Департамент бастығы генерал-майор М.Қ.Ысқақов, Ұлт Көшбасшысының қойған міндеттері мен Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқтала кетті. Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Нұрлы жол» болашақта Қазақстан экономикасының өсуіне септігін тигізетіні туралы айта өтті.

«Жаңа саясат ең бірінші жол құрылыстарының белсенді жүргізілуін, осыған байланысты 200 мың жұмыс орын пайда болатыны бұл дегеніміз халықтың жұмыспен қамтылуы және табыстарының өсуі болып табылатына және Президенттің пікірінше Астана қаласынан барлық бағыттарға транспорттық желі  құрып, автокөлік, теміржол және авиациалық магистраль салынуы қажеттілігін айтып өтті.  Мейрам Қабденұлы инфрақұрылымды дамыту адамдардың қауіпсіздігімен ажырамас байланысты екенін баса айтып өтті», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Астана қаласында ЭКСПО-2017 өткізуде саяхатшылардың келуін ұлғайтады, бұған Астана қаласы ТЖД-де қазірден бастап дайындық жасауда. Департамент қызметкерлері Астана қаласының бірегей ғимараттарында жиі оқу-жаттығулар өткізіп тұрады. 

Департамент басшысы құрылымдар мен бөлімшелердің басшыларына, Президенттің  «Нұрлы Жол –болашаққа қадам »   Жолдауын жеке құрамға жеткізу міндетін жүктеді. 





Яндекс.Метрика