Адами капитал

Қазақстан БАӘ-де Халықаралық прокурорлар қауымдастығының жиынына қатысты

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Халықаралық прокурорлар қауымдастығының «Қылмыстық қудалау тәжірибесі» атты 19-шы жыл сайынғы конференциясы мен жалпы жиынына қатысты, деп хабарлады Бас прокуратура.
Әлемде25 Қараша , 11:02

«Форум әлемнің 50 шақты мемлекетінің қадағалау органдарының басшыларын жинады. Отырысты Біріккен Араб Әмірліктерінің Премьер-Министрі, Дубай Эмиратының Әмірі Мухаммад ибн Рашид Аль-Махтум мен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Герхард Ярош (Австрия) ашты», - делінген хабарламада.

Форум барысында прокурорлардың сот төрелігін қамтамасыз етудегі ролін күшейту, қадағалау органдарының трансұлттық қылмыспен,  заманауи қауіп-қатердің басқа да түрлерімен күрестегі ықпалдастығының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Форумда сөз сөйлей келе, Қазақстанның Бас Прокуроры ХПҚ диалог алаңының халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудегі және трансұлттық қылмысқа бірлесе төтеп беру жолдарын іздеудегі маңыздылығын атап өтті. 

Қадағалау қызметіндегі тиімді ақпараттық қамтудың маңыздылығы туралы айта келе, А.Дауылбаев жиналғандардың назарына қадағалау практикасына елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп туралы толық құқықтық ақпарат алуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар енгізудің нәтижелерін паш етті.

Форум аясында А.Дауылбаев Вьетнам, Сауд Арабиясы, Грузия, Корея,  Гонконг, Ресей, Сингапур, Швейцария, Тайланд және БАӘ бас прокуратураларының, Әзірбайжан Әділет министрлігінің, сондай-ақ Халықаралық прокурорлар қауымдастығы хатышылығының басшылығымен кездесулер өткізді, олардың барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыға салынды.

Қазақстан 1995 жылдан бастап қатыстып келе жатқан Халықаралық прокурорлар қауымдастығы әлемнің 140 елін біріктіріп отыр. Ұйым құрамына әртүрлі мемлекеттердің прокурорлық қызметтері мен қауымдастықтары кіреді. Бұл ретте Қауымдастық прокуратуралардың түрлері мен қызметтерін біркелкі ету мақсаттарын көздеген емес, прокуратуралардың тарихи және басқа да айырмашылықтарына құрметпен қарайды.

Қауымдастықты дамыту мақсатында прокурорлар жыл сайынғы конференцияларға жиналып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады. 2011 жылы Астана қаласында «Прокуратураның қылмыстық-құқықтық емес саладағы заңдылықты қамтамасыз етуі» атты Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азияға арналған ХПҚ-ның 6-шы Аймақтық конференциясы болып өтті.




Яндекс.Метрика