Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Алматыда IV Инновациялық конвент ECO Мини - Экспо Almaty 2014 өтеді

Ертең Алматы қаласында IV Инновациялық конвент ECO Мини - Экспо Almaty 2014 өкізіледі, оның мақсаты қаладағы инновацияларды дамыту, «жасыл» технологияларды және экономиканы біріктіру, ғылым мен өндіріс арасындағы өзара байланысты күшейту болып табылады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы25 Қараша , 10:48

«Іс-шараға 200-ден астам делегат қатысады: кәсіпкерлер, ғалымдар, әзірлемешілер, саясат және қоғам қайраткерлері. Пленарлық отырыста сарапшылар экология, «жасыл» экономика және инновациялық жобаларды дамыту мәселелерін талқылайтын болады», - делінген хабарламада.

IV Инновациялық конвент ECO Мини-ЭкспоAlmaty 2014 шеңберінде инновациялар конкурсының қорытындысы белгілі болады. Өздерінің конкурстық өтінімдерін жіберген 15 стартаперлер қатарынан жеңімпаздар таңдап алынады. Ең үздік әзірлеме авторлары ақшалай және бағалы сыйлықтар алатын болады.

Бүкіл іс-шара бойына ашық режимде инновациялық жобалар көрмесі жұмыс істейді. Қатысушылар 30 стендте «жасыл» экономика облысындағы әзірлемелерін ұсынады. Барлық ынта білдірушілер жоба әзірлеушілеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюларына болады.

Инновациялық конвенттер дәстүрлі түрде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Іс-шара алғашқы рет 2010 жылы ұйымдастырылған болатын.

IV Инновациялық конвент ECO Мини-ЭкспоAlmaty 2014 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында өткізіледі. Мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, 4-қабат. Кіру - тегін.




Яндекс.Метрика