«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақмола облысының этно-мәдени бірлестігі Жолдауды жүзеге асыруға атсалысады (ФОТО)

Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында өңірдің этно-мәдени бірлестіктері облыстағы ҚР Президенті «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру жайын талқылады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ақмола 25 Қараша, 10:33

«Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлтаралық келісім, сенім мен толеранттылыққа басымдылық береді. Біз елде салтанат құрған осынау құндылықты келер ұрпаққа аманаттауымыз керек. Осы орайда Ассамблеяның жұмысы маңызды», - дейді облыс әкімі Сергей Кулагин.

Шараға кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар мен эктомәдени бірлестіктер жетекшілері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келіп Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктер жетекшілеріне өз ұжымы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар ҚР Президенті Н.Назарбаев ақпараттық-түсіндіру тобы құрамына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтар жетекшілері кіреді.

Сондай-ақ,кеңес отырысы барысында БАҚ арасында жыл бойы өткен облыстық этножурналистика байқауында жеңіске жеткен журналистерді марапаттау өтті. Бар-аяғы қатысқан журналистер арасынан қазылар түрлі аталым бойынша 10 қаламгерді іріктеп алды. Әрбір журналиске облыс әкімі дипломдар мен құнды сыйлықтар табыстады.





Яндекс.Метрика