Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ШҚО-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды (Фото)

Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Лидері Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын нұротандықтар бірінші кезекте партияға жүктелген зор жауапкершілік ретінде қабылдады, деп атап өтті партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Өскемен қаласындағы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХVІ есептік-сайлау конференциясы барысында сөйлеген сөзінде, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан 25 Қараша, 10:17

«Партиямыздың Саяси доктринасын қабылдағанымызда біз тұңғыш рет партияның ел келешегі үшін жауапкершілігін айттық. Бүгінгі күні, партияның Саяси кеңесінің алаңында Мемлекет басшысы өз Жолдауын жасады, біз, бірінші кезекті оны партияға артылған үлкен жауапкершілік ретінде қабылдадық», - деп атап өтті Б.Байбек.

Оның айтуынша, бүгінгі күні барлық атқарушы органдардың, Үкіметтің жетекшілері, Мәжілістегілердің басым бөлігі партия мүшелері болып табылады.

«Бізге кез-келген жағдайда үлкен жауапкершілік артылып отыр және ол туралы біз ашық айтуға тиіспіз. Мемлекет басшысы бұл Жолдауын тап осы партияның алаңында жасады. Және біздің бәріміз бұрын-соңды болмағандай ынтамықтығымыз бен бірлігімізді танытуымыз керек. Біз партия тарапынан азаматтармен жұмыс жасаудың барлық жағдайын жасаймыз», - деп толықтырды партия Төрағасының бірінші орынбасары. 

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының аясында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Өскемен қаласында өткен партияның ШҚО филиалының XVI есептік-сайлау конференциясына қатысып жатқанын айта кеткіміз келеді.   

Есептік-сайлау конференциясына 500-ден аса партия өкілі қатысуда. Олардың қатарында облыстық партия филиалының Саяси кеңесі мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, мәслихаттардағы депутаттық фракциялар басшылары, партиялық Сайлауалды тұғырнамасының кураторлары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері бар.

XVI конференция барысында Шығыс Қазақстан облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

Партиялықтар, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының іске асырылуын  талқылады және 2,5 жылдағы партияның Сайлауалды тұғырнамасының іске асырылуының аралық нәтижесін қорытты.


 





Яндекс.Метрика