Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ШҚО-да 2015 жылы жол құрылысына 1,5 млрд теңге бөлінеді

ШҚО-да 2015 жылы жол құрылысына республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңгеден астам қаржы, жергілікті бюджеттен 306,9 млн теңге бөлу жоспарлануда, деп хабарлады Ақпараттық орталық.
Шығыс Қазақстан25 Қараша , 10:02

«Бұдан басқа жолдың күтіміне жыл сайын жергілікті қазынадан 5,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлу көзделген. «Астана-Өскемен», «Алматы-Өскемен» тасжоладырының құрылысы, «Омбы-Майқапшағай» тасжолдарына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу Шығыс Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырады.  Жүк айналымы өсіп, жолаушыларды тасымалдау сапасы артады», - делінген хабарламада.

Республикалық маңыздағы жол құрылысын жүргізу барысында барынша отандық өнімді пайдалану, облыстық жол құрылыс компанияларының әлеуетін арттыру, құрылыс индустриясын дамыту  міндеті қойылған.

Оның үстіне мемлекеттік жеке серіктестік саясатын жүзеге асыру үшін «Шар-Майқапшағай» теміржолы мен Бұхтырма суқоймасының үстінен өтетін көпірдің  құрылысы бойынша концессиялық жоба жүзеге асырылуда. Құрылыс барысында  6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, ілкімді жоба іске қосылғанда тұрақты 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

 




Яндекс.Метрика