«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Көлік-логистика саласын дамыту Қазақстанның ішкі экономикасымен қатар өңірдің дамуына ықпал етеді - Ом Гу Хо

ҚР Президентінің биылғы «Нұрлы Жол» атты жаңа экономикалық саясаты мемлекетішілік емес, аймақтық, қала берді әлемдік мәселелердің шешімі іспетті, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде «Нұрлы Жол: Қазақстанның жаңа стратегиялық келешегі» атты дөңгелек үстелде Ханьян университетінің Азия-Тынық мұхиты зерттеу орталығы директоры Ом Гу Хо.
Нұр-Сұлтан24 Қараша , 18:27

 «ҚР Президентінің биылғы «Нұрлы Жол» атты жаңа экономикалық саясаты мемлекетішілік емес, аймақтық, қала берді әлемдік мәселелердің шешімі іспетті. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның экономикалық өсімі 4 пайызды құрап отыр. Көрші елдердегі күрделі саяси және экономикалық ахуалды ескерсек, одан қалды мұнай бағасының құлдырауын есепке алсақ, аталмыш көрсеткіш үлкен жетістік», - дейді Ом Гу Хо.

Ханьян университетінің Азия-Тынық мұхиты зерттеу орталығы директоры Ом Гу Хоның айтуынша, биылғы Жолдауда елдегі көлік-тасымал әлеуетін арттыру басты назарда. Жалпы Қазақстанның Еуразия құрлығындағы географиялық орналасу аймақта үлкен тасымал әлеуетін ұсынады. Осы орайда мемлекеттің темір жол инфрақұрылымын дамуды қолға алуы елдің ішкі экономикасын былай қойғанда, аймақтың экономикасын өрге сүйремек.

«Соңғы жылдары Қазақстан шет елден келетін инвестиция көлемін ұлғайтып, елде инвесторларға қолайлы орта қалыпастыруда да ауыз толтырып айтарлықтай шаралар атқарды. Корей елінің Еуразиядағы құрлықішілік тасымал мен өңірдегі көлік-байланыс әлеуетін арттыруға мүдделі екені мәлім. Осы орайда біз Қазақстанның темір жол саласын дамығу инвестиция салуға қызығушылық танытамыз. Таяудағы екі елдің мемлекет басшыларының кезедсуінде де экономиканың осы саласы, соның ішінде темір жол төңірегінде әңгіме өрбіп, темір жол саласын дамытуда достық қатынас туралы келісімге қол жеткіздік», - дейді.  

 

 




Яндекс.Метрика