Жемқорлыққа қарсы күрес

Қарағанды облысында жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселе талқыланды

Қарағанды облысында облыс әкімі Бауыржан Әбішевтің төрағалығымен жемқорлыққа қарсы күрес туралы аймақтық комиссияның кезекті отырысы болып өтті, деп хабарлайды облыстың әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды26 Қыркүйек , 13:53

Отырысты  ашқан  облыс басшысы  жемқорлық    әлеуметтік-экономикалық  даму мен  инвестиция  тартуды тежейтінін, мемлекеттің саяси  және қоғамдық  институттарына  кері  әсер ете  отырып  елдің болашақ  дамуына  үлкен кесірін  тигізетінін  айтты.

«Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың  қойған  тапсырмалары бүгінде  біз  үшін өте  маңызды», - деді  Бауыржан  Әбішев.

Бұдан  бөлек  бірқатар аудан  әкімдерінің осы  мақсатта  қандай  жұмыстар  атқарылып  жатқандары айтылды.

Сонымен  қатар, мемлекеттік  сатып  алудағы құқық  бұзушылық  мәселесі де  әңгіме  арқауы болды.

Отырыс  қорытындысы  бойынша облыс  басшысы  аудан және  қала  басшыларына мемлекеттік  сатып  алуды өте  мұқият  қадағалауды тапсырды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика